Аграрлық факультеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Ап 18-8р тобының студенты Тен Вероника "100" шаршы дойбыдан Түркістан облысы бойынша 1 жане 2 орынды иеленді
Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз

27.10.2021ж «Дестуктивті діни ағымдардың белгілері және олардан сақтану жолдары» тақырыбында «Рухани құндылықтарды қолдау қоры» корпоративтік қорының сарапшысы Иманбаев Мейрам Откельбайұлымен кездесу болып өтті.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде өткен спартакиададан Аграрлық Факультет студенттері 1-орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз

8.10.2021ж​ М.Әуезов атындағы ОҚУ «Аграрлық» факультетінің 1-курс білім алушыларына университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты,​ Әдеп кодексі, Академиялық адалдық және жатақхананың ішкі тәртіп ережелері түсіндіріліп, «Сенім телефоны», «14-24», «Ректор блогы» мен өзге де байланыс арналары таныстырылды.​ Қалалық ақпараттық штаб мүшесі «Parasat» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы м.а.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.05.2012 ж №320 "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға көмек көрсету өлшемін, көздерін, түрлерін және Ережелерін бекіту туралы" қаулысы және 19.09.2020 жылғы " М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алушыларға оқу ақысына жеңілдіктер ұсыну туралы" Ережесін іске асыру мақсатында Аграрлық факультеттің білім алушыларына, тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің мамандары келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазақстанда ұлттық халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі.Соңғы науқан 2009 жылы, келесі науқан 2019 жылы өтуі керек еді. Алайда санақты дайындау мен өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді ескере отырып, оны 2020 жылы өткізу туралы шешім қабылданды. 

10 қыркүйек, 2021 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің №2 және №5 студенттік жатақханаларында ішкі және сыртқы тәртібімен таныстыру мақсатында Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С.А.Мажинбеков, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің мамандары, факультет декандарының қатысуымен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жатақхана студенттерімен кездесу болып өтті.

Әуезов университетінің ашылуы 2021 Жазғы Университет: М.Әуезов атындағы университеті, Аграрлық факультет деканы биология ғылымдарының кандидаты, доцент Елибаева Г.И. ұйымдастырылған жазғы университетінің ашылу салтанаты болды. М. Әуезов атындағы ОҚУ оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Абишева Р.Д.

Қол күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында ерлер арасында 65 кг салмақ дәрежесінде 1 орын алғаны үшін Сарыбай Ердаулет марапатталады. Құттықтаймыз!!!

«Рухани жаңғыру» бойынша «ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» арнайы жобасына қатысқаны және ҚР ғылымын ілгерілтудегі ерен еңбегі үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың ректоры Д.Қожамжаровадан  в.ғ.к., доцент- Тұтқышбай Ибрагим Асқарұлы арнайы сертификат пен куәлікке ие болды.

Беттер